Акционерлік қоғам
ГИДРОЭЛЕКТРСТАНЦИЯСЫ
«Самұрық - Энерго» АҚ - ы холдингіне кіреді
Акционерлік қоғам
ГИДРОЭЛЕКТРСТАНЦИЯСЫ
«Самұрық - Энерго» АҚ - ы холдингіне кіреді
Акционерлік қоғам
ГИДРОЭЛЕКТРСТАНЦИЯСЫ
«Самұрық - Энерго» АҚ - ы холдингіне кіреді
ГЭС Тарихы
ГОЭЛРО жоспарының бір буыны болып Ертіс өзеңінің арзан күшін пайдалану қараластырылған. Ұлы Отаң Соғысынан кейң Ертісте гидроэлектрстанциялардын құрылысы басталды. Алдымен Өскемен ГЭСі пайдалануға берілді де, ал 1951 жылдан Ертіс гидроэлектрстанцияларының каскады бойынша Бұқтырма ГЭСінің бірінші сатысын жобалау басталды.
Құрылыс хроникасы:
1 | 15.11.1952 | ҚСРО министрлер қеңесі Ертіс өзеңінде Бұқтырма ГЭСің салуын бастауға шешім қабылдады |
2 | 17.12.1953-08.03.1954 | Бірінші кезектегі қоспа бөлшектерінің ряждерін шабып істеу жұмыстары |
3 | 1955 желтоксан | Салынатын ГЭС дирекциясының құрылуы Подстанция «Козловка» және «УК ГЭС- Серебрянка» ЛЭП ашылды |
4 | 14.06.1956 | Сутөгер бөгеуіне бірінші бетонды қалауы басталды |
5 | 10.10.1957 | Ертіс өзеңі бөгелді |
6 | 01.07.1958 | 1-ші гидроагрегатының негізгі табанына бетон қалау басталды |
7 | 09.10.1958 | ЗРУ -110 кВ жабық үлестіргіш құрылысының құрылысы басталды |
8 | 06.10.1959 | ГЭС ғимаратының құрылысы басталды |
9 | 24.10.1959 | Бөгеудың соңғы бөлігін жабуы |
10 | 19.04.1960 | Бұқтырма суқоймасының толтырылуы басталды |
11 | 22.04.1960 | 1-ші гидроагрегаттын монтажы басталды |
12 | 14.08.1960 | 1-ші гидроагрегат іске қосылды |
13 | 30.10.1960 | 2-ші гидроагрегат іске қосылды |
14 | 28.12.1960 | 3-ші гидроагрегат іске қосылды |
15 | 18.03.1961 | 4-ші гидроагрегат іске қосылды |
16 | 04.12.1961 | 5-ші гидроагрегат іске қосылды |
17 | 24.12.1961 | 6-ші гидроагрегат іске қосылды |
18 | 25.09.1964 | 7-ші гидроагрегат іске қосылды |
19 | 16.08.1965 | 8-ші гидроагрегат іске қосылды |
20 | 27.11.1966 | 9-ші гидроагрегат іске қосылды |
21 | 20.10.1968 | ҚСРО энергетика және электрлендіру министрірлігінің 12.08.1968 № 275/р бұйрығымен Бұқтырма ГЭСі тұрақты пайдалануға берілді |
Бұқтырма ГЭСнің құрылысы кезінде төмендегідей үлкен көлемде жұмыстар атқарылды:
185 мың. куб. м. жұмсақ топырақ қазылып алынды
1190 мың. куб. м. жартас ойылып алынды
327 мың. куб. м. топырақ қайта төгіліп төбешек істелді
1180 мың. куб. м. бетон мен темірбетон салынды
11,6 мың. тн. металдық механизмдер мен құрылыстар салынды
ГЭС жобалауың С.Я.Жук атындағы «Гидропроект» одақтық ғылыми зерттеу институтының Ленинградтағы бөлімшесі атқарды. Бас инженер Миронов М.А. басқарған жобалаушылыр ГЭС құрылысы қөрсеткендей, үнемділік берген, өйткені, ГЭС Ертіс өзенінің ең тар жеріне дәл тауып салынды. Құрылыс қоспа бөліктерімен бөлінген дайындалмаған қазаншунқырларда жүргізілді. Қоспа бөліктер екі кезекпен реттелді. Бірінші кезектегі қоспа бөліктерінің артында сушығарушы бөгеуі салынса, ал екінші кезектегі қоспа бөліктерінің артына гидроэлектрстанцияның өзі салынды. Жалпы құны 129 млн. сом тұратын бекітілген жобаның тапсырмасында гидроэлектрстанцияның беретін қуаты 435 мын. кВт энергия беруге тиіс еді. Құрылыс жүріп жатқан кезде, жобаның барлық қуны 10,5 млн. сомға өсіріліп, алты гидроагрегаттын орнына тоғыз гидроагрегат іске қосылып гидроэлектрстанцияның қуаты 675 мың кВт дейін қөбейтілді.