20.02.2025 жылы «Бұқтырма СЭС» АҚ директорлар Кеңесімен келесі мәселе бойынша шешімдерді қарады және қабылдады (20.02.2025 ж. № 1-127 хаттама):
- «Бұқтырма СЭС» АҚ «Қазмырыш» ЖШС Бұқтырма суэлектростанциясының Мүліктік кешенін жалға алу Шартын жасау:
— Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын құны, мүлікті Қоғаммен сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) ірі мәміле;
— «Бұқтырма СЭС» АҚ міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайтатын мәміле.
- «Бұқтырма СЭС» АҚ директоры С. Н. Рубцов Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін, оның ішінде:
— осы шешімнің 1-тармағында көзделген «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес барлық дауыс беретін акцияларға иелік ететін «Бұқтырма СЭС»АҚ акционерінің қарауына мәселені шығару бойынша;
— стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға ҚР Үкіметінің рұқсатын алу бойынша.
Дауыс беру нәтижелері: күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша директорлар Кеңесінің мүшелері бірауыздан «қолдап» дауыс берді.